Құрметті ата-аналар! “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебІ РО” КММ 2024–2025 оқу жылындағы “#Соңғы_қоңырау” мен #қорытынды_аттестаттау кезеңінде келесі маңызды ережелерді назарларыңызға салады:
‼️ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: ❌ Бітіруші 4, 9 және 11- сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинауға; ❌ Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға; ❌ Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беруге; ❌ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинауға; ❌Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруға; ❌ Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң тыйым саламын. 🎯 МАҚСАТЫ: Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау үшін енгізілді. ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды сұраймын. 📌Біз үшін басты мақсат – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру! 📌Кез келген сұрағыңыз болса, мен әрдайым ашықпын – байланыста болайық! Байланыс үшін: 8 775 727 9217 (ватсап) Құрметпен, мектеп директоры Махаббат Төлегенқызы Султанова