Қазіргі таңда қоғамның маңызды мәселелерінің біріне айналған жасөспірімдер арасындағы мектептегі және әлеуметтік желілердегі қорлауға қарасты "Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллингтің алдын-алу" тақырыбында 18.10.2024 ж. күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8-9 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы өршіп жатқан буллингтің алдын-алу балаларды буллинге қарсы тұру қасиеттерін үйренуге жағдай жасау.
Ұйымдастырушылар: 9 "Д" сынып жетекшісі Абдикасимов Қанат және оқушылары. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға буллинге қарсы көзқарас қалыптастыру, интернетті дұрыс пайдаланудың мүмкіндіктері мен зиянды жақтары туралы ақпарат беру, зорлық – зомбылықтың виртуалды түрі кибербуллинг және оған ұшыраған жағдайда не істеу керектігі жайлы ақпарат берілді. Білім алушылармен кибербуллинг ұғымы, қалжың мен келемеждің айырмашылығы және оның салдары, қысым көрсету, достармен дұрыс қарым-қатынас орнату т.б маңызды мәселелер туралы әңгіме жүргізіліп, пайдалы кеңестер айтылды.Сонымен қатар оқушыларға шынайы және виртуалды әлемде зорлық – зомбылықтың куәсі болған жағдайда қандай іс – әрекет танытуы керектігі туралы ақпарат берілді. Зорлық – зомбылыққа қатысты жағдайлардың таралу деңгейі туралы мектеп оқушыларына тың, өзекті ақпараттар беріліп өтті. Оқушылар арасындағы буллинг және кибербуллинг жайлы мектеп мұғалімдері және құқықтық тәжірибесі жөніндегі орынбасары Мырзаханова Лаура өз пікірлерін білдірді.
Сөз соңында ДЭІЖО Баян Ниятуллақызы оқушыларға буллингтің алдын-алу, одан қорғану және оған жол бермеу үшін жақсы қарым-қатынас орнату керек екендігін айтты.
Ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.