Меню KDT

logo7.png?_=1

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «Қаржылық сауаттылық»

    Ағымдағы жылдың қаңтар айының 29 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шу ауданы Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) тарих пәні мұғалімі Омбаева Гүлнұр Бақытқызы 11 сынып оқушыларымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында интеллектуалды ойын сабағын өткізді. Сабақ барысында қаржылық тұрғыдан сауатты адам шығындар мен кірістерді басқару, қаржылық жоспар құру, қаржы құралдары мен қызметтерін пайдалану, қаржы әлемінде өз құқықтарын қорғау сияқты білімдерге ие болу керектігі айтылды. Сабақ барысында оқушылар ойын арқылы түрлі қаржылық терминологиялық сөздердің мағынасын танып, сөзжұмбақтар шешті. Сабақ соңында оқушылар ақшаны қолхатсыз қарызға бермеу, лицензиясыз немесе мемлекеттік тізілімдегі жазбасы жоқ ұйымға жүгінбеу, төлқұжатты күмәнді адамдарға бермеу, картаны "күдікті" банкоматтарда және адам аз жиналатын орындарда қолданбау сияқты түрлі ақыл- кеңестер айтылды.


    29.01.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки