Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего) КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазан айының 14-і күні 8-9сынып оқушыларының сессиясы барысында дамыту блогына қойылған жоспар бойынша“ Үйірме жетекшілерінің презентациясы “ тақырыбында үйірме жетекшілерінің жұмыстарының барысы туралы іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін үйірменің үйретері мол екендігін айқындау еді. Атап айтсақ: Б.Кусаинова "Сыр сандық", Ж. Ахина "Тіл мәдениеті", М.Иманбаев "Тоғызқұмалақ", М.Мухиев "Волейбол", Г. Қайыржанова "Қол өнер - мол өнер", Г.Кишкашева " Поэзия сыры", А.Халық "Ғажайып химия", Ф.Абдукаимова "Өлке өрнектері", А. Аубакирова "Информатика әлемінде", Қ. Асенова "Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі", Н.Койбагарова "Биология интеллектуалды клубы", Н.Тілеуқұл " Математика таңғажайыптары".Әр үйірме жетекшісі өз үйірмесінің мақсат, міндеттерімен таныстыра келіп, үйірмелерінің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, оқушыларға үйірменің атауы мен ерекшеліктерін түсіндіре келе қызықты психологиялық эксперименттер жасады. Оқушылар ортаға шығып өздерінің алғашқы күндерінен алған әсерлерімен бөлісті. Сөз соңында тірек мектебінің эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева магниттік мектептерден алғаш келген оқушыларды үйірмеге шақырып, білімді, ақылды, жан- жақты тұлға болып қалыптасуларына үйірмелердің септігі тиетінін айқындап өтті. Әрбір адамның өмірінде ерекше әсер қалдыратын бұл күнді естен шығармай, магниттік мектептер мен ресурс мектебінің оқушыларының арасында сыйластық сезім мен достық қарым- қатынас орнайтынына сенімділігін білдіріп, күндеріне сәттілік тіледі.