Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Ұланымыз ұлы елдің" атты "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
25 қазан Республика күніне орай оқушыларымыз еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына 21 оқушы "Жас Ұлан" ұйымына 27 оқушы салтанатты түрде қабылданды.Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, ұстаздар тағып құттықтау сөз сөйледі.