«Ұрпаққа ұлан болған Жеңіс», «Ерліктің жарқын беттері»
Ағымдағы жылдың мамыр айының 5 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұлан болған Жеңіс», «Ерліктің жарқын беттері» тақырыптарында 9 «Г» сынып жетекшісі Г.Қыздарбекова тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
- Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында жас ұрпаққа ел тарихын тереңірек таныту;
- Соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу;
- Оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Тәрбие сағаты барысында «Ұлы Жеңіс — халқымыздың тарихындағы ең қасиетті күндердің бірі екендігіне, осыдан тура 80 жыл бұрын, 1945 жылы 9 мамырда бейбіт күн орнағандығы туралы сонымен қатар ержүрек аталарымыздың ерлігін еске алды.
Тәрбие сағаты соңында
- Оқушылар Жеңіс тарихын терең түсініп, Отан қорғау ұғымын қадірлеуге тәрбиеленді;
- Ардагерлерге деген алғыс сезімін білдірді;
- Патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.