Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «Полиция – балалардың қорғаны»

    Шу ауданы, Төле би ауылы
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу жоспарына сай 23 мамыр күні «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны аясында «Полиция – балалардың қорғаны» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
    Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, полиция қызметкерлерінің еңбегімен таныстыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіру.
    Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері Шу АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Аяжан Серіктің қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтіп, балаларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, өмірде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері айтылды.
    Бастауыш буын оқушыларымен «Жол ережесін жадыңда ұста!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
    Оқушылар өз сұрақтарын қойып, мамандармен ашық әңгімелесті. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, танымдық кездесу ретінде өткізілді.


    23.05.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки