Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «Домбырам-асыл қазынам!»

    Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) бойынша 2025 жылдың 9 маусым күні мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінің оқушылары, Шу ауданы «Оқушылар» сарайында өткен Ә Еспаев атындағы балалар саз мектебінің мұғалімі- Қосмайлова Ләйлә Әбекенқызының жетекшілігімен домбыра сыныбы оқушыларының «Домбырам-асыл қазынам!» атты шығармашылық кештің көрермендері болып қайтты.
    Бұл іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, күй өнері мен домбыраның маңызын оқушыларға терең таныту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылды.
    Кеш барысында оқушылар халық күйлерін тыңдап, күй тарихынан сыр шертіп, домбыраның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы ойлары қалыптасты. Сонымен қатар өнерлі оқушылардың ән тыңдап, жырларын тыңдап қайтты.
    Қосмайлова Ләйлә Әбекенқызының ұйымдастырған шығармашылық кеші оқушылар мен көрермендерге рухани әсер сыйлап, ұлттық өнердің қадір-қасиетін ұғындыруда үлкен маңызға ие болды. Домбыра – қазақ рухының үні екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл кеш өнерге құштар жас буын үшін жарқын үлгі болды.


    10.06.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки