"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері аясында өткізілген күндік іс-шара 2025 жылдың 12 маусымы күні "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері аясында балалар үшін мазмұнды және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен мектеп медбикесі Ш.Имашева балаларға алғашқы көмек көрсету түрлері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қана қоймай практикалық іс-жүзінде де көрсетіп өтті. Денсаулық – адам өмірінің басты байлығы екені айтылып, оқушыларға өмірлік маңызы бар пайдалы ақпараттар берілді.
Келесі кезеңде технология пәні мұғалімі Ф. Абдукаимова оқушыларға батпырауық жасаудың жолдарын үйретіп, балалар өз қолдарымен жасаған батпырауықтарын аспанға ұшырды. Бұл кезең балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, керемет көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның жалғасында оқушылар Шу аудандық орталық кітапханаға барып, кітапхана қорындағы қызықты кітаптармен танысты. Оқу мен білімнің адамның басты байлығы екені, білімді болудың әр бала үшін маңызды мақсаты екендігі туралы ой қозғалды. Оқушылар бойында кітапты бағалау, оны қадірлеу, оқып алған білімдерін өмірлік тәжірибеде пайдалана білудің маңызды екендігін ұғына білді.
Күннің барлық кезеңдері балалар үшін ерекше әсерге толы болып, қызықты әрі пайдалы өтті.