13 маусымы күні мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері күнін көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығу мен сергіту сәтінен бастады
2025 жылдың 13 маусымы күні мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері күнін көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығу мен сергіту сәтінен бастады. Белсенді қимыл-қозғалыстар балалардың көңіл күйін көтеріп, жаңа күнге күш-жігер берді. Таңертең топ жетекшілері күн тәртібі бойынша жоспарланған іс-шараларын өткізді. Балалар түрлі ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысып, өз қабілеттерін көрсетті.
Күннің жалғасында оқушылар табиғат аясына шығып, шағын пикник ұйымдастырды. Ашық аспан астында балалар ән айтып, би билеп, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Табиғат аясындағы демалыс балалар үшін ерекше әсерге толы болды.
Іс-шара оқушылардың белсенді демалуына, ұйымшылдық пен достықты арттыруға ықпал етті. Күннің әр сәті балалар үшін қызықты өтті. Олар көтеріңкі көңіл күймен үйге оралды.