Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    17 маусымы күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу рәсімі өтті.

    "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері – ІІ ауысымның ашылуы
    2025 жылдың 17 маусымы күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу рәсімі өтті.
    Алғашқы күн таңғы сергіту жаттығуымен басталып, оқушылардың белсенді әрі көтеріңкі көңіл күйде болуына ықпал етті. Жаттығудан кейін балалар топтарға бөлініп, өзара танысу жұмыстары жүргізілді.
    Топ жетекшілері топ басшыларын сайлап, әр топ атауын, ұранын және әнін ұсынды. Бұл сәт балалардың шығармашылығын, ұйымшылдығын, көшбасшылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берді.
    Оқушыларға адам өмірінің қауіпсіздігі, тәртіп ережелері мен лагерь тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларға қауіпсіздік – бірінші орында екені ескертіліп, тәрбиешілер тарапынан нұсқаулықтар берілді.
    Күннің екінші жартысында "Балалар көзімен" тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Балалар түрлі түсті борлармен өз қиялындағы бейбітшілік, достық, табиғат, жаз мезгілі тақырыптарындағы суреттерді салып, бір-бірінің жұмыстарымен бөлісті.
    Күн өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар жаңа достар тауып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.


    17.06.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки