а Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері – 2025 жылғы 25 маусымдағы күнделікті іс-шара
Бүгінгі лагерь күні оқушылар үшін өте мазмұнды әрі танымдық шараларға толы болды. Таңертеңгі күн әдеттегідей сергітетін жаттығумен басталып, балалардың көңіл күйін көтеріп, белсенді бастауға жол ашты.
Топ жетекшілері «Білімді мыңды жығар» тақырыбында мақал-мәтел жарысын ұйымдастырып, оқушылардың тіл байлығы мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Одан кейін математикаға қызығушылықты арттыру мақсатында қызықты математикалық ойындар ойнатылып, балалар білім мен ойдың жарысында өздерін көрсете білді.
Күннің келесі бөлігінде оқушылар мектеп кітапханасына барып, ондағы бай қазынамен — түрлі жанрдағы қызықты кітаптармен танысты. Бұл оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, рухани дамуына ықпал етті.
Жалпы, күн бойы өткізілген іс-шаралар балалардың ой-өрісін дамытуға, есте сақтау, логикалық ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Лагерь өмірінің тағы бір тамаша күні артта қалды.