Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) жанында ұйымдастырылған «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты

    Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) жанында ұйымдастырылған «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
    2025 жылдың маусым айының 27 күні Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) жанында ұйымдастырылған «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын сәтті аяқтады. Балалар үшін бұл маусым таным мен шаттыққа толы, есте қаларлық демалыс кезеңі болды.
    Жабылу салтанаты мерекелік көңіл күймен өтті. Іс-шара барысында оқушылар лагерьде алған әсерлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, әзіл мен ойын көріністерін көрсетті. Лагерь барысында белсенділік танытқан балалар мен тәрбиешілер алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
    Балалар жазғы демалыс кезінде түрлі спорттық жарыстарға, қолөнер, ән-би үйірмелеріне, психологиялық тренингтерге және танымдық саяхаттарға қатысты. Бұл – олардың бойында достық, ұйымшылдық, жауапкершілік сынды қасиеттердің қалыптасуына үлкен әсер етті.
    Салтанатты шара соңында барлық балалар мен тәрбиешілерге ризашылық білдіріліп, «Айгөлек» лагерінің келесі жылы да жалғасын табатыны айтылды. Балалардың жүзіндегі күлкі мен шаттық олардың демалысының мәнді де мазмұнды өткенінің дәлелі болды.



    27.06.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки