Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ кітапханасының оқу залында 2025 жылдың 10 қыркүйек күні Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Іс-шараға биылғы аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы, тележурналист, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Қоғам қайраткері және Шу ауданың Құрметті азаматы Чекаев Жұмахан Төлеуұлы шақырылды. Шара барысында кітапханашы Айнаш Жанатауова Құспанқызы кеш қонағының өмір жолы мен шығармашылығын баяндады. Дөңгелек үстел аясында тележурналист өзінің өмір тарихы, шығармашылық ізденістері жайлы сыр қозғап, оқушылардың сүбелі сұрақтарына жауап берді.