Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    Есеп беру

             Армысыздар, ардақты ата-аналар, қонақтар, ұстаздар!

            Өмірдің үлкен арнасы, көші сонау замамандардан  ата, әже, әке, шешеден бастау алады. Адам баласы үшін қадірлі де, қасиетті қамқоршы, жанашыр жандарымыз да , бұлақ көзі де осы жандар. Сондықтан да халық даналығы: «Баланың бас ұстазы-ата-ана» деп те ерекше атайды. Сонымен қатар «Әке - үйдің егесі, шеше - үйдің шегесі», «Әке - асқартау, ана - бұлақ, бала-жағасындағы жайқалған жасыл құрақ» деген де көнеден қалған асыл сөз бар. Біз осындай тамаша сөздермен сусындап өстік.  Бұл сөздерді ата , әжеміз, ата-анамыз айтқанда бір марқайып қалушы едік. Қазір де естіп қалсақ, сол сәттерді ойға салады.

           Бізде бала болдық .Ата мен әжеден ертегі , аңыз әңгіме тыңдадық. Бала кезде «ұят болады» деген сөздің құдіреті күшті еді. «Ұят болады» деген сөзді естігенде жас баланың өзі жылағанын басып, тыныштала қалушы еді.

           Баланың бас ұстазы – ата-ана дей тұрсақ та, ата-анадан кейінгі тәрбие мен білімді бала бойына егетін диқаншысы мектеп анасы мен  жанашыр ұстаздары.

    Сондықтан да мектептебімізде «Даналардың ізімен–Нұрлы жолға!» бағытын ұстанып,оқу-тәрбие жұмыстары ұлы Абайдың «Бес асыл ісіне»:Талап, Еңбек,Терең ой, Қанағат, Рахымға жүйеленіп,тәрбие мен білім қатар беріледі. Мектепте көркем әдебиет оқу да бір жүйеге қойылған. «Мен оқыған бір кітап», «Кітап-дос, ақылшы ұстаз» тақырыбында сынып сағаттары, танымдық сағаттар, конференциялар да өткізіліп тұрады. Барлық жақсы дүниелер балалардың дамуы мен өсуіне арналады.

    Себебі бүгінгі ұрпақ – елдің де, жердің де иесі. Адам баладан өседі. Бала - біздің айнамыз. Бала-біздің болашағымыз. Бала бойында рухани дүниелер болуы шарт. Бала туған елін, жерін, тілін, тарихын, әдеп -  ғұрпын, салт-санасын , үлкенге  құрмет, кішіге ізет көрсету  қасиеттерін бойына сіңіріп өсуі  керек. Балаларымыз тәрбиелі болуы керек. Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген екен.Бала тәрбиесіне сіз бен біз жауаптымыз - Ата-ана.Осыны естен шығарып алмайық.

    Неге баса айтып отырмын? Оның мәнісі неде? деп ойлауларыңыз да орынды. Иә,елімізде көңіл толарлық, қуантарлық дүниелермен қатар «Әттең-ай!» деп өкінетін жайлар да аз болмай тұр. Балалардың ұрлық-қарлыққа, ұрып-соғып,досына,бауырына қиянат жасау әрекеттері де көбейіп бара жатыр.Аяушылықтың болмауы, мейірімнің азайып бара жатқаны, «қатыгездік» жан ауыртар жағдай емес пе? Сол тұрғыдан да «Атасы ащы алма жесе, баласының тісі қанайды» , «Отан-отбасынан басталады» дегенді де естен шығармағанымыз абзал.

    Өйткені отбасында, қоғамда белең алып отырған  мәселелер де аз емес. Ананың баладан безуі,өз шаранасынан өзі жеруі,үлкен балалардың  ата-анасын бағып – қағудан қашып қарттар үйіне өткізуі,қара көздеріміздің жәутең қағып балалар үйін паналауы, ажырасу мәселесі тағы бар.Бұл жағдайлар күннен күнге өріс алатын болса, баланың өсуін тежеп, білімге, өмір ағысына,тәрбиеге нұқсан келмейді ме?Біз сондай өрескелікке жол бермейік.Ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болсын, ағайын!

    06.06.2024
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки