Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    «Зерде» интеллектуалды ойыны

    Күзгі сессиядағы дамыту блогының жоспары бойынша 17.10.2024ж. күні 9 «Б» сынып жетекшісі С.Дауренбекованың ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында «Зерде» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлауға үйрету болса, міндеттері: бірлесе жұмыс жасауға баулу, математика пәніне қызығушылықты, креативтілікті арттыру және тез ойлау, шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды. Ойынға 8-9 сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысты. Топтарға «Білімділер, Ойшылдар, Тапқырлар» деген атаулар берілді және ойын кезеңдерімен таныстырылды:
    1. «Математикалық диктант»; 2.Кім жылдам?»; 3. «Ойлан, тап!»; 4. «Тұлғаны таны»; 5. «Креативті топ» кезеңдері. Әр кезең тапсырмалары оқушының жас ерекшеліктеріне сай, математикадан өткен тақырыптары бойынша таңдалып алынған. Оқушыларды сергітіп, ұшқыр ой, жылдам шешім қабылдауға дағдыландыру үшін құрылған тапсырмалар ұтымды шықты. Барлық топтар өз білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырды. Әсіресе формулаларды пайдаланып есептер шығаруда қызығушылықтары арта түсті. Көрермендерге де бірнеше қызықты математикалық сұрақтар қойылып, магниттік мектеп оқушылары белсенділік танытып жауап берді.
    Бұл интеллектуалды ойында барлығы өте жақсы қатысты, десе де «Білімділер» тобы өз білімдерімен алға озып шығып І орынды иеленді. «Ойшылдар» тобы ІІ, «Тапқырлар» тобы ІІІ орынды иеленіп, дипломдармен марапатталды.
    Танымдық сағат соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева сөз алып, интеллектуалды ойынға өз бағасын беріп, оқушыларға ұсыныс, тілектерін айтты.
    «Зерде» интеллектуалды ойыны өз дәрежесінде өте жақсы өтті. Соңында қатысушы оқушылардан ауызша кері байланыс алынып, әсем әуенмен аяқталды.
     

    ,
    17.10.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки