Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    Ата-ананың балаға бөлген уақыты –бала тәрбиесінің негізі

    Ағымдағы жылдың мамыр айының 14 күні Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
    мектеп қабырғасында «Ата-ананың балаға бөлген уақыты –бала тәрбиесінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, педагог-психологтар және барлық сыныптардың ата-аналары қатысты.
    Кіріспе сөз:
    Мектеп директоры М.Т.Султанова жиналысты ашып, қазіргі өзекті мәселе бала тәрбиесіндегі ата-ананың маңыздылығына тоқталып, өзара байланыс туралы баяндады.
    Мектебіміздің психологтары: А.Нусипбекова мен Қ.Тулеулиева «Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуының қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар «Көбелек» тақырыбында бейнефильм көрсетіп, осы бейнероликтен алған әсерлері бойынша ата-аналар өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы пікір алмасты.
    Екінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы А.Баспай 2025-2026 жаңа оқу жылындағы мектеп оқушыларының «Ыстық тамақпен қамтылуы» туралы жаңа өзгерістер мен тәртібімен таныстырып өтті.
    Үшінші мәселе бойынша мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.А.Мырзаханова «Жаз мезгіліндегі балалардың өмір қауіпсіздігі» тақырыбына тоқталып, ата-аналарға ақыл-кеңестер беріліп, баланың алдындағы әрбір ата-ананың міндеттеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар жаңа оқу жылындағы мектеп формасына қойылаптын талаптарға тоқталып, әр ата-ананың баласының мектеп формасын ұстануына міндетті екендіктерін түсіндіріп өтті.
    Төртінші мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б. Ернаурызов мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің ұйымдастырылуы туралы мәлімдеме жасады.
    Жиналыс соңында қорытынды және ұсыныстар айтылып, ата-аналар бала тәрбиесіне бөлінетін уақыттың маңызын терең түсініп, мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдірді. Іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайта түсті.


    14.05.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки