Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
2025 жылғы 22 мамыр күні 10 «Б» сынып жетекшісі А. Балғожаева экология бағыты бойынша «Табиғат пен адам-ажырамас әлем» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау туралы түсінік беру. Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты ұғындыру, экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сынып жетекші тәрбие сағатында оқушылармен бірге жергілікті табиғат, қоқыс қалдықтарының зияны, қайта өңдеудің маңызы, су мен ауа тазалығы секілді мәселелерді талқылады. Адам мен табиғаттың – егіз ұғым екенін, адам табиғатсыз өмір сүре алмайтындығы туралы, табиғатты аялау – әр адамның басты парызы екендігін айтып өтті.
Тәрбие сағаты барысында бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылардың экологиялық білімін кеңейтетін сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылды.