Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • Статьи

    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 19.01.2023ж. күні директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен «Сыныптық жұмысты талдау» тақырыбында семинар өтті. Магниттік мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері және ұйымдастырушы мектептің сынып жетекшілерінің қатысуымен өткен семинардың мақсаты: Жас ұрпақтың тәрбиесі нәтижелі болуы үшін мектептегі және мектептен тыс тәрбие үдерісін жетілдіру.
    Міндеттері: қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге арналған топ құру; іскерлік
    қатынас желісін орнату; сыныптық жұмыстың кешенді жүргізілуін қамтамасыз ету.
    Семинар Баян Ниятуллақызының сөзімен басталды. Мақсатты іске асыру аймағы мен міндетті іске асыру аймағын толық ашып, нақты дәйектерді келтірді. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиеге баса назар аударып, қатысушы қонақтардың пікірін білді. Өткен күннің бала тәрбиесі жөнінде «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсете отырып, өзекті тақырыпты қозғады. Бүгінгі күннің бала тәрбиесі жөніндегі олқылықтар мен жетістікке жету үшін атқару керек жұмыстарды баса айтты.
    Келесі сөз кезегін семинарға жауапты мұғалімнің бірі А.Орынбаева алып, өз сыныбына жүргізген жұмыстың зерттеуін, яғни «социометрия» әдісін тәжірибе жүзінде көрсетіп, түсіндірді. Зерттеу жұмысы «социометрия» әдісі барысында анықталған тұйық, оқшауланған, назардан тыс қалған оқушылармен жұмыс жүргізуді мектеп психологына тапсырды. Зерттеу нәтижесінде қатысушыларға бала тәрбиесіне қатысты ситуациялық сұрақтар қойылып пікірлер тыңдалды.
    «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей, тәрбиеден кейін білім сапасы талқыланды. М.Жаппарова сынып жетекшілік етіп жүрген 10-сынып оқушыларының білім сапасын өткен екі тоқсанды салыстырмалы түрде көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сыныптағы жетістікке жету жолдарын сыныппен жүргізген талдау жұмыстарын салыстырмалы түрде көрсетіп, екі тоқсан арасындағы жетістікке қалай жеткені туралы талдап берді.
    1. Жетістік бойынша талдау
    2. Кемшіліктер бойынша талдау
    3. Білім сапасының талдауы
    4. Тәрбие сағаты бойынша талдау
    5. Сынып жиналысының талдауы
    6. Ата-аналармен өткізілген жиналыстардың талдауы
    7. Сынып активтерімен жүргізілген жұмыстардың талдауы
    8. Қоғамдық пайдалы еңбек туралы және еңбекке тәрбиелеу талдау
    9. Отбасылық тәрбие туралы талдау
    Білім сапасын көтерудегі атқарылу керек жұмыс түрлерімен ой бөлісті.
    Семинар соңына қарай өткен күн мен бүгінгі күннің бала тәрбиесі туралы айтылып талқыланған соң болашаққа көз жүгірту де ұмыт қалдырылмады. С.Дауренбекова сөз кезегін алып, қатысушы қонақтарды «Болашаққа көзқарас» деп Ата-аналар тобы: «Болашақтың мұғалімі»; Оқушылар тобы: «Болашақтың оқушысы; Мұғалімдер тобы: «Болашақтың ата-анасы»; Сынып жетекші тобы: «Болашақтың сынып жетекшісі»; Әкімшілік тобы: «Болашақ мектеп» тақырыптарында постер қорғауға жұмылдырды. Барлық қатысып отырған сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі белсене қатысып, постерді тамаша қорғап шықты. Көптеген ой-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
    Семинар соңында Еңбекші орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапсарбаев Асылхан, Алға орта мектебінен келген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадраимова Сая, Жайсан орта мектебінен келген мұғалім, сынып жетекші Абике Асель өз сөздерінде бүгінгі семинар жұмысына оң бағаларын беріп, тәжірибе алмасуда қоржындарын толтырып бара жатқандарын атап өтті.
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Ақылбекова Білжан: «Семинар жүйелі түрде ұйымдастырылған. Социометриялық талдаудың тиімділігін көрдім. Алдағы уақытта сол талдауды сыныбыммен жүргізіп бір жақсы нәтижеге жетемін деп ойлаймын» деп пікірін білдірді.
    Семинар қорытындысында мектеп директоры Сихимова Алтынкул Мадиомаровна сөз алып, сыныптық жұмысты талдау: жетістіктері мен кемшіліктердің басты себептерін тауып, келесі жұмысты дұрыс жоспарлау; оқыту сапасын жақсарту; сынып жетекшінің кәсіби шеберлігін арттыру; жұмыс тәжірибесіне жаңалық енгізу; сабақта оқу-тәрбие процесін бағалау мақсатында; оқушының дамуын анықтау; жүргізілген жұмыс нәтижесін көру үшін қажет екені айтып өтті.
    Семинар жоғары деңгейде өтті. Кері байланыс алынып, мұғалімдер өз ұсыныстарын білдірді. Әр атқарылған іс жүйелі түрде жүргізілген кезде нәтиже болатынына көз жетті. Осылай семинар өз жұмысын аяқтады.

    24.01.2023ж

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки