Бүгінде өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Ел болашағы жастарымыз жан-жақты жағдай жасалған білім ордасынан білім алуы тиіс. Соның бір дәлелі, Төлеби ауылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) магниттік мектептермен шығармашылық жұмыс үлкен жолға қойылған. Баланың тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау мақсатында, 31 қаңтар күні, магниттік мектеп оқушылары аясында М.Мақатаев мектебінде "Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!» атты тақырыпта үйірме жетекшісі Асенова Қазынаның ұйымдастыруымен кішігірім ғылыми-шығармашылық жобасы өткізілді. Бұл жобаға магниттік мектеп оқушылары да қатысып, өз ауылдарының өткен және бүгінгі тарихымен, ауылдарының ұлы тұлғаларымен мақтанып,ауылдарының көремет көрнекі жерлерін слайдпен көрсетіп, таныстырып, оқушылардың білім қоржынын толықтырды. Нәтижесінде жоба өз мақсатына жетті. Келген қонақтар да оқушылардың еңбегін жақсы деп бағалап, қошеметтеп, жақсы тілектерін білдірді. Сөз соңында мектебіміздің директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева "Оқушы толтыратын ыдыс емес, оқушы алау, оны жаға білу керек" деп, оқушылардың жетістігін жақсы бағалап, жақсы тілегімен аяқтады.
01.02.2024ж күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)қысқы сессия барысында «Волейбол» үйірмесінің жетекшілері М.Мухиев, Р.Айтишев, М.Иманбаев тірек мектебі мен магниттік мектептердің 8-9сынып оқушыларының арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жарыс кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, әрқашан барлық жағдайға дайын болу мақсатында «Волейбол» ойынынан жарыс өткізді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар сапқа тұрғызылып, әнұран орындалды. Мектеп директоры А.Сихимова өз сөзінде жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова оқушыларға өз тілегін білдірді. Жарысқа Тірек мектебінен екі, магниттік мектептерден төрт команда қатысып, жеребе тастау арқылы кім-кіммен ойнайтыны анықталды. Оқушылар жақсы көңіл күйде ойын көрсетті. Жинаған ұпайларымен Тірек мектебі 1,2ші орын иеленсе, Алға орта мектебі мен Жайсан орта мектебі 3ші орындарға ие болды. Ойын барысында өз өнерлерімен көзге түскен тірек мектеп оқушысы Д.Сатыбалды «үздік қорғаушы» номинациясымен, А.Бинаділ «үздік шабуылшы» номинациясымен, Ш.Мұртаза мектебінің оқушысы М.Тұңғыш, Еңбекші орта мектебінің оқушысы Н.Әскербек, Алға орта мектебінің оқушысы Р.Дыбыс, Жайсан орта мектебінің оқушысы Б.Ермекбай үздік ойын көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
28.03.2024 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Озық тәжірибе мектебін құру» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында теориялық семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты шығармашылық жұмыс нәтижесінің тиімді жолдарын жүйелеу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, озық тәжирібе мектебін құру.
Міндеті:
- оқушылырдың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастыру;
- шығармашылық есеп жасаудың тиімділігін арттыру;
- электронды портфолио жинау тәртібін дұрыс жолға қою;
- сынып жетекшілерінің сыныптық талдау жасау жұмысының нәтижесін, сапасын арттырудың жолын ұсыну.
Мектебімізде шығармашылықпен айналысатын озат тәжірибелі мұғалімдер: география пәнінің мұғалімі Баетова А.Е. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шайдахметова Г.С. Шаңырақбаева Ж.С. Абитаева Ж.Н. шығармашылық жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарының белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың ролі» тақырыбында баяндама оқылып, «Шығармашылық есеп жасаудың тиімділігі» тақырыбында көрме, «Шебер сынып - мұғалім жұмысының нәтижесі» тақырыбы аясында презентация қорғалды. Қазіргі заман талабыена сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа көзқарастарын дамытуға, жас мамандарға жұмыс нәтижесінің бағытын көрсету. Жетістікке жетудің нәтижесі адам бойындағы қабілеттерді дамытып, рухани күшін нығайту.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен кезекті семинар өткізілді. Семинарға магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінен келген мұғалімдер,жалпы 80 -нен аса мұғалімдер қатысты. 2024 жылдың 4 қаңтар күні «Олқылықтың орнын толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру» тақырыбында, география пәнінің мұғалімі Гульнур Бейсенбаевна ҰБТ – дегі оқушылардың қатемен жұмыс жасаудағы әдіс тәсілдерімен бөлісті. Барлық сыныптардың оқулықтарын,әр баспаның оқулықтарын салыстыра отырып,атап айтсақ, Атамұра,Баспа,Арман ПВ,Мектеп баспаларының оқулықтарын оқып тапсырмалар орындайтынын баса айтты.Үш жылдық салыстыру мониторинг арқылы салыстырмалы талдау жасаса,биылғы тапсырған тесттің қорытындысын салыстырмалы түрде анализ қорытындысы көрсетілді. Математика пәнінің мұғалімі Орынбаева Айгүл оқушыларға жеке дәптер бастап,оған есептен кеткен қателерді қайта шығарту арқылы тақырыптан кеткен олқылықты жоюға көп септігінтигізетінін практика жүзінде, жасаған жұмыстарын көрсетті. Салыстырмалы мониторинг арқылы ілгерілеу бар екенін баса айтып кетті. Жасаған жұмыстардың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарды қорытындылау кезінде «Желпуіш» әдісі арқылы кері байланыс алынды,қатысқан мұғалімдер өздерінің қоржындарына керекті мәліметтерді алғанын айтып, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.
Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 4 қаңтар күні "Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия" тақырыбында Нұрлыбекқызы Мақпал, Балхожаева Айнура инновациялық-әдістемелік кеңес өткізді. Семинарда рефлексия туралы білім толықтырылып, сабақта рефлексияны қолдану жолдары айтылып, топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп, өз білімдерімен бөлісті. Постерлерді "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен топтық бағалау жүргізілді. Жоғарыда аталған мұғалімдер өз сабағында зерттеу барысында қолданған рефлексия әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебі қатысты. Кеңесті қорытындылау кезінде қатысқан мұғалімдер сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбаева қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.
Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде кезекті жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5 желтоқсан күні “Оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.Олқылықпен жұмыс жолдары” Қ.К.Окаева ,Р.М.Қашаганова ,
С.М.Кыздарбекова “Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім алуға сенімін арттыру” тақырыбында Б.Ә.Сайлаубаев семинар-практикум өткізді.Семинарда С.М.Кыздарбекова психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында “Алып қадамдар” атты тренинг өткізді.Қ.К.Окаева ,Р.М.Кашаганова, С.М.Кыздарбекова сыныпта мониторинг жүргізудің тиімді жолдарын айтып,топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп,түсінік айтты. Б.Ә.Сайлаубаев сабақ мақсаттарына байланысты оқушының қабілетін ескере отырып, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолдану түрлерін көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Алға орта мектебі,Әл-Фараби,С.Шәкіров мектептерінен бірқатар мұғалімдер қатысты.Семинарда қорытындылау кезінде аталған мұғалімдер сөз сөйлеп,ізгі ниеттерін білдіріп,алғысын айтып жатты.Семинар соңында Б.Н.Жексенбаева ,А.К.Пазылбекова семинарға қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде кезекті жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5 желтоқсан күні “Оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.Олқылықпен жұмыс жолдары” Қ.К.Окаева ,Р.М.Қашаганова ,
С.М.Кыздарбекова “Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім алуға сенімін арттыру” тақырыбында Б.Ә.Сайлаубаев семинар-практикум өткізді.Семинарда С.М.Кыздарбекова психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында “Алып қадамдар” атты тренинг өткізді.Қ.К.Окаева ,Р.М.Кашаганова, С.М.Кыздарбекова сыныпта мониторинг жүргізудің тиімді жолдарын айтып,топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп,түсінік айтты. Б.Ә.Сайлаубаев сабақ мақсаттарына байланысты оқушының қабілетін ескере отырып, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолдану түрлерін көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Алға орта мектебі,Әл-Фараби,С.Шәкіров мектептерінен бірқатар мұғалімдер қатысты.Семинарда қорытындылау кезінде аталған мұғалімдер сөз сөйлеп,ізгі ниеттерін білдіріп,алғысын айтып жатты.Семинар соңында Б.Н.Жексенбаева ,А.К.Пазылбекова семинарға қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен 11 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылармен «Барлығы да өзің үшін...» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Іс шараға мектеп директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы және пән мұғалімдері қатысты.
Аталған іс шараның негізгі құндылығы Абайша айтқанда «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» демекші бүгінгі 11- сынып оқушысы ертеңгі қоғамның белді бір мүшесі, азамат .Үлкен жауапкершілікті көтеретін тұлға. Оқушының алдында үлкен «ҰБТ» тапсырмасы тұр. Осындай жауапты сәтке оқушыларымыздың дайындығы, күн тәртібі, өзін-өзі басқаруы қалай екен? Қосымша сабақтарға қатысуы қалай? Қандай кедергілер бар? Осындай мақсатта оқушы ойын білу үшін сауалнама жүргізілді.
Оқушылар өздері үшін «ҰБТ» үлкен жауапкершілік екенін, қиындыққа берілмей, дайындық пен демалысты ұштастырып отыратындары жайында , өздері шеше алмайтын қиындықтар кездесіп жатса әрдайым пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінен көмек сұрайтынын айтып ой бөлісті. Бүгінгі дөңгелек үстел оқушыларымызға жолашар болсын. Бізде жас түлекке жолың болсын, ақ жол ,- дегіміз келеді.