Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен 11 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылармен «Барлығы да өзің үшін...» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Іс шараға мектеп директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы және пән мұғалімдері қатысты.
Аталған іс шараның негізгі құндылығы Абайша айтқанда «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» демекші бүгінгі 11- сынып оқушысы ертеңгі қоғамның белді бір мүшесі, азамат .Үлкен жауапкершілікті көтеретін тұлға. Оқушының алдында үлкен «ҰБТ» тапсырмасы тұр. Осындай жауапты сәтке оқушыларымыздың дайындығы, күн тәртібі, өзін-өзі басқаруы қалай екен? Қосымша сабақтарға қатысуы қалай? Қандай кедергілер бар? Осындай мақсатта оқушы ойын білу үшін сауалнама жүргізілді.
Оқушылар өздері үшін «ҰБТ» үлкен жауапкершілік екенін, қиындыққа берілмей, дайындық пен демалысты ұштастырып отыратындары жайында , өздері шеше алмайтын қиындықтар кездесіп жатса әрдайым пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінен көмек сұрайтынын айтып ой бөлісті. Бүгінгі дөңгелек үстел оқушыларымызға жолашар болсын. Бізде жас түлекке жолың болсын, ақ жол ,- дегіміз келеді.