Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • Статьи

    28.03.2024 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Озық тәжірибе мектебін құру» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында теориялық семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты шығармашылық жұмыс нәтижесінің тиімді жолдарын жүйелеу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, озық тәжирібе мектебін құру.
    Міндеті:
    - оқушылырдың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастыру;
    - шығармашылық есеп жасаудың тиімділігін арттыру;
    - электронды портфолио жинау тәртібін дұрыс жолға қою;
    - сынып жетекшілерінің сыныптық талдау жасау жұмысының нәтижесін, сапасын арттырудың жолын ұсыну.
    Мектебімізде шығармашылықпен айналысатын озат тәжірибелі мұғалімдер: география пәнінің мұғалімі Баетова А.Е. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шайдахметова Г.С. Шаңырақбаева Ж.С. Абитаева Ж.Н. шығармашылық жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарының белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың ролі» тақырыбында баяндама оқылып, «Шығармашылық есеп жасаудың тиімділігі» тақырыбында көрме, «Шебер сынып - мұғалім жұмысының нәтижесі» тақырыбы аясында презентация қорғалды. Қазіргі заман талабыена сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа көзқарастарын дамытуға, жас мамандарға жұмыс нәтижесінің бағытын көрсету. Жетістікке жетудің нәтижесі адам бойындағы қабілеттерді дамытып, рухани күшін нығайту.

    29.03.2024ж

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки